"2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 490 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 673 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қарашада № 6541 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 490 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6267 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "28" қарашадағы
№ 673 қаулысына қосымша
  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "05" сәуірдегі
№ 490 қаулысына қосымша

2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны /адам/

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорны

202

3

6

2

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 192 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

170

3

5

3

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 213 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

97

2

2

4

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 164 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

5

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 196 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

76

2

1

6

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің № 184 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

94

2

2

7

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Ә. Әбутәліпов атындағы № 209 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

3

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады