"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырдария ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" ақпандағы №53 қаулысына қосымша |
Сырдария ауданы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, төлемақысының мөлшері
№ |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдар | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | ||||||||
Бала бақша |
Мектеп жанын |
Мектеп жанын |
Дербес толық күндік шағын-орталық | Дербес жарты күндік шағын- орталықтар | Бала бақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар | Мектеп жанындағы жарты күндік шағын-орталықтар |
Дербес толық күндік шағын-орталық | Дербес жарты күндік шағын-орталықтар | ||
1 | Сырдария ауданы | 480 | 275 | 0 | 0 | 0 | 24240 | 18371 | 0 | 0 | 0 |