"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 наурызда № 6199 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Сырдария ауданы әкімінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6169 болып тіркелген, 2018 жылы 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады