2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 125 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 6210 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 1190 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5976 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 11 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "27" ақпандағы № 125 қаулысына 1 қосымша

2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

14

2

1

2

"Шиелі ауданының білім бөлімінің №142 орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

2

1

3

"Шиелі ауданының білім бөлімінің № 270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

3

4

"Шиелі ауданының білім бөлімінің Ы.Жахаев атындағы №244 орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

99

2

2

5

"Шиелі -Думан жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53

2

1

6

Шиелі кенті аппаратының "Арман мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

27

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады