Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 13.12.2022 № 32/16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 03.08.2022 № 25/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоса беріліп отырған "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 24 сәуірде 5806 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 04 мамырда жарияланған) Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 07 сәуірдегі № 9/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы | П.Маханбет |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б.Сыздық |
Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы №21/16 шешімімен бекітілген |
"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;
2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;
3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына / "А" корпусы қызметшісінің келісіміне немесе "Б" корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процестік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, "Б" корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;
4) жеке жұмыс жоспары – қызметшінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;
5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
6) мінез-құлық индикаторы – қызметшінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;
3. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
4. Қызметшінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде қызметшілер еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
5. Бағалауды өткізу үшін, Шиелі аудандық мәслихатының хатшысымен (бұдан әрі – мәслихат хатшысы) Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 03.08.2022 № 25/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:
1) НМИ жетістіктерін бағалау;
2) Қызметшілердің құзыреттерін бағалау.
7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Құзыреттерді бағалау нәтижелері қызметшінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.
8. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.
2-тарау НМИ анықтау тәртібі
9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қызметшінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.
10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
11. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.
12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.
Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
13. НМИ:
1)нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
2)өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
3)қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
4)уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
5)мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын, саяси қызметшінің меморандумын немесе "А" корпусы қызметшісінің келісімін жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.
14. НМИ саны 5 құрайды.
15. Жеке жұмыс жоспары персоналды басқару қызметінде сақталады.
3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі
16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын қызметшіге НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.
17. Бағалауды өткізу үшін қызметшінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.
18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.
НМИ барлығы орындалған жағдайда "өте жақсы" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда "тиімді" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда "қанағаттанарлық" баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.
19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.
20. Қызметшінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.
21. Қызметшінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) бағалаумен келісу;
2) түзетуге жіберу.
22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.
23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі
25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.
26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикаторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.
27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикаторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:
1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4 және одан көбі байқалған жағдайда "күтілген нәтижеге сәйкес" бағасы қойылады.
2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикаторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша "күтілген нәтижеге сәйкес емес" бағасы қойылады.
28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін персоналды басқару қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.
5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану
29. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.
30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
34. Комиссияның хатшысы персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.
36. Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;
37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) бағалау нәтижелерін бекіту;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың "Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)" графасында көрсетіледі.
39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.
40. Персоналды басқару қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.
41. Қызметшіге бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 03.08.2022 № 25/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).42. Алынып тасталды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 03.08.2022 № 25/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
43. Қызметшінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.
44. Қызметші бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_______________________
Қызметшінің лауазымы: _________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:_____________________________________
_____________________________________________________________________________
№ | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы | Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе "А" корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді | Өлшем бірлігі | Жоспарлы мәні | Қол жеткізу мерзімдері | Түйінді нәтиже* |
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)
№ | Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы |
Өлшем | Жоспарлы мәні | Нақты мәні | Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді |
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3қосымша |
Құзыреттер бойынша бағалау парағы
_________________жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ | Құзыреттер атауы | Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес) | Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда) |
1 | Қызметті басқару | ||
2 | Ынтымақтастық | ||
3 | Шешім қабылдау | ||
4 | Жеделділік | ||
5 | Өздігінен даму | ||
6 | Қызметті тұтынушыға бағдарлану * | ||
7 | Қызметті тұтынушыларды хабарландыру * | ||
8 | Адалдық | ||
9 | Жауапкершілік | ||
10 | Бастамашылдық | ||
11 | Стресске орнықтылық |
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын "Б" корпусының мемлекеттік қызметшілері "Қызметті тұтынушыға бағдарлану" және "Қызметті тұтынушыларды хабарландыру" құзыреттері бойынша бағаланбайды.
"Шиелі ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4қосымша |
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері
№ | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияныңхатшысы: ___________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ____________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: _____________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)