"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 6044 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 7 желтоқсанда жарияланған) Шиелі аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
Е.Женсикбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Сыздық |