Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/228 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 137 бірлескен қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 3648 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің (бұдан әрі – қаулы және шешім) қосымшасына сәйкес, Атамекен ауылдық округінің жалпы алаңы 59,74 гектар құрайтын өнеркәсіптік аймағы жерінің бір бөлігін, Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінің және Басқұдық ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Ж. Әбілов) осы қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы және шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы С. Аманғалиев
      Сессия төрағасы Ж. Дәрменов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Трұмов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы 30 мамырдағы № 137
қаулысына және Маңғыстау
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/228
шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінің шекараларынан шығарылатын және Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы алаңы (гектар)

Атамекен ауылдық округінің шекарасынан шығарылғанға дейінгі жерлер алаңы

830,26

Атамекен ауылдық округі шекарасының бір бөлігінен шығарылатын жерлерінің алаңы

59,74

Атамекен ауылдық округінің шекарасынан шығарылғаннан кейінгі жерлерінің алаңы

770,52

Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосқанға дейінгі жерлерінің алаңы

1308,0

Басқұдық ауылдық округінің шекарасына қосылатын жердің бір бөлігінің алаңы

59,74

Басқұдық ауылдық округінің шекарасына жерді қосқаннан кейінгі жердің алаңы

1367,74


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады