Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.06.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистралдық құбыр туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және "Окарем-Бейнеу" магистральдық газ құбырының желілік бөлігін қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоюсыз, газ құбыры осінің әрбір жағынан 50 метр жерден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде газ құбыры осінің әрбір жағынан 25 метр жерден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Окарем-Бейнеу" магистральдық газ құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.
3. Маңғыстау және Бейнеу ауданы әкімдері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салсын.
4. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемелекекттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқаркшы | С. Аманғалиев |
"Маңғыстау облысының
жер қатынастар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е.Д. Дүзмағамбетов
"2" шілде 2018 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "2" шілдедегі № 166 қаулысына 1-қосымша |
"Окарем-Бейнеу" магистральдық газ құбырының желілік бөлігінің күзет аймағына кіретін жерлері
Р/ссс № | Аудандардың атауы | Газ құбырының күзет аймағының көлемі гектар | Елді мекендердің жерлері | Оның ішінде: | |||||||
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналмаған өзге де жер | Ауылшаруашылығы алқаптарының көлемі, гектар | Оның ішінде: |
| ||||||||
егістік | көп жылдық екпелер | шабындықтар | жайылымдар | ||||||||
барлығы | суармалы егістік | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | Маңғыстау ауданы | 149,6149 | 10,3385 | 0,4398 | - | - | - | - | - | - | 138, 8366 |
2 | Бейнеу ауданы | 932,9584 | 296,3703 | 0,1423 | 56,6317 | - | - | - | - | 56, 6317 | 579, 8141 |
Барлығы | 1082,5733 | 306,7088 | 0,5821 | 56,6317 | - | - | - | - | 56, 6317 | 718, 6507 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы "2" шілдедегі № 166 қаулысына 2-қосымша |
"Окарем-Бейнеу" магистральдық газ құбыры желісінің күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
1. Газ құбырының күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін мангистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруе, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ мангистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.