Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 24.08.2020 № 47/528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі 4/52 "Қызметін Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3130 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).
4. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы | С. Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Бекова ___________________
14 маусым 2018 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е.Утеев ___________________
14 маусым 2018 жыл
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 21/270 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектілерінің атауы | Салық салу объектісінің бірлігі | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерле мелері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | әрбір ойын автоматына | 1,5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | әрбір ойын автоматына | 1,5 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | әрбір компьютерге | 1 |
4 | Ойын жолы | әрбір жолға | 6 |
5 | Карт | әрбір картқа | 4 |
6 | Бильярд үстелі | әрбір үстелге | 5 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | әрбір айырбастау пунктіне | 15 |