РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Сайын Шапағатов ауылдық округі тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайын Шапағатов ауылы әкімінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 43 "Сайын Шапағатов селосы бойынша көшеге атау беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-136 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 24 "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша көшеге атау беру туралы";
2) 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Сайын Шапағатов ауылдық округінің көшесіне Қарайшықов Бердіхан – (Сайын Шапағатов ауылдық округінің 1 - 2, 3 - 4, 5 - 6, 7 - 8, 9 - 10, 11 - 12, 13 - 14, 15 - 16, 17 - 18, 19 - 20, 21 - 22, 23 - 24, 25 - 26, 27 - 28, 29 - 30, 31 - 32, 33 - 34, 35 - 36, 37 - 38, 39 - 40, 41 - 42, 43 - 44, 45 - 46, 47 - 48 жер телімдері) атауы берілсін.".
2. "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (Е.Жәнібек) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сайын Шапағатов | |
ауылдық округінің әкімі | Ғ.Нұржаубай |