"Түпқараған ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 306 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/138 "Форт-Шевченко қаласынан жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/191 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 113 бірлескен шешімі мен қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 тамызда № 3696 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 10 тамыздағы № 306 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/138 "Форт-Шевченко қаласынан жаңадан пайда болған көшелерге атау беру туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 48288 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      осы бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Форт-Шевченко қаласының халқының пікірін ескере отырып және Түпқараған аудандық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 2 мамырдағы, 2007 жылғы 11 қазандағы, 2008 жылғы 19 маусымдағы қорытындыларының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2 тармақ келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л.Ашикбаева
     
      Аудан әкімі Т.Асауов
     
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық ішкі саясат

      және тілдерді дамыту бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.Ордабаева

      20 шілде 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Форт-Шевченко қаласының

      әкімі

      М.Дощанов

      20 шілде 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады