Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы №4/73 "Барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық мөлшерлемесін (бильярд үстелі) белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 22/273 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 3608 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының Әділет Департаментінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №10-15-248 ұсынысының негізінде, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/73 "Барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген салық мөлшерлемесін (бильярд үстелі) белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3198 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау

      облысы бойынша мемлекеттік кірістер

      департаментінің Мұнайлы ауданы бойынша

      мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      М. Таңатар

      "27" сәуір 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады