Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №259-қ "2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3502 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
реттік нөмірі 2 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | "№2 туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы" мемлекеттік мекемесі | 100 |
";
реттік нөмірі 42 жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
42 | "Алтын бесік" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Абдуллаева Жансая Отаргалиевна) | 95 | 11369 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59 жолдармен толықтырылсын:
"
51 | "Мейірім" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Қайбуллаев Нұрсұлтан Құралбайұлы) | 50 | 11369 | ||||||||
52 | "Кадиша" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Есжанова Роза Абилхаировна) | 65 | 11369 | ||||||||
53 |
"Әлия" жекеменшік балабақшасы | 48 | 11369 | ||||||||
54 | "Айзере" жекеменшік балабақшасы ("МерБат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) | 75 | 11369 | ||||||||
55 | "Тұмар" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Үсенбекова Мөлдір Сапаралықызы) | 71 | 11369 | ||||||||
56 | "Әмина" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Успанова Жумабиби Темирхановна) | 100 | 11369 | ||||||||
57 | "Жанарыс" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Куанышов Бауыржан Бахытжанович) | 30 | 11369 | ||||||||
58 | "Ырысжан" жекеменшік балабақшасы (жеке кәсіпкер Умбетова Татти Осфановна) | 43 | 11369 | ||||||||
59 | "Жанымай" мемлекеттік - жекешелік әріптестік балабақшасы "Хазар Мунай Газ Курылыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 140 | 11369 |
".
2. "Мұнайлы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е. Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Н. Тәжібаев |