Қостанай облысы Алтынсарин ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 243 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 наурызда № 7629 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде, Алтынсарин ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Омар Шипин атындағы ауылдық округі деп қайта аталсын.

      2. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Щербаков ауылдық округі Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі деп қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
      Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
И. Дмитриева
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады