Әкімдіктің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 "2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 210 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 мамырда № 7799 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 "2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7431 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:

      "

2-1

Аммоний сульфаты

N-21

тонна

30800

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын:

      "

7-1

Құрамында азот-фосфор күкірті бар кешенді тыңайтқыш 20:20 маркалы

N-20, P-20, S-14

тонна

62500

Құрамында азот-фосфор күкірті бар кешенді тыңайтқыш 20:20 маркалы

N-20, P-20, S-8-14

Азот-фосфор күкіртқұрамында тыңайтқыш, NP+S=20:20+14 маркасы

N-20, P-20, S-14

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22, 23, 24-жолдармен толықтырылсын:

      "

21

"Акварин" суда еритін кешенді минералды тыңайтқыштары, "Акварин-3" маркасы

N3:Р11:К35+MgO4,0+S9,0+Nнит.-3,0

килограмм

328,746

22

"Акварин" суда еритін кешенді минералды тыңайтқыш, "Акварин-13" маркасы

N13:Р41:К13+Nнит.-4,4+Nамм.-8,6

килограмм

346,843

23

Магний сульфаты (күкіртқышқылды магний) В маркасы

MgO – 16,9;
S – 13,5

килограмм

82,5

24

Монокалийфосфат

Р2O5 – 52;
К2О - 34

килограмм

331

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады