Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 8213 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      3. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Әкімдіктің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 573 қаулысына
1-қосымша

Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің қағидалары

      1. Осы Қағидалар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қостанай облысының әкімдігі құрған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Полиция департаменті" (бұдан әрі – облыстың ПД) мемлекеттік мекемесі енгізеді.

      4. Комиссияның хаттама нысанында қабылдаған шешімі көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Көтермелеудің нақты түрі, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшері Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.

      6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан азаматтарға алғыс жариялауды, оларды грамотамен марапаттауды, сондай-ақ ақшалай сыйақы төлеуді облыстың ПД салтанатты түрде жүзеге асырады.

  Әкімдіктің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 573 қаулысына
2-қосымша

Қостанай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Алғыс жариялау.

      2. Грамотамен марапаттау.

      3. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады