2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 133 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 7743 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жариялағанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Балғарин

  Әкімдіктің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 133 қаулысына қосымша

Арқалық қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге)

1

Арқалық қаласы

"Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы дамулық үлгісіндегі Ашутасты ауылындағы "Гүлдер" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

30059,17

3 жасқа дейін 5740,00
3 жастан 7 жасқа дейін 6970,00

2

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Раушан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

220

21462,50

3 жасқа дейін 10250,00
3 жастан 7 жасқа дейін 11275,00

3

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

120

24044,44

3 жастан 7 жасқа дейін 11275,00

4

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті "Золотой ключик" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

240

26546,18

3 жасқа дейін 11275,00
3 жастан 7 жасқа дейін 11685,00

5

Арқалық қаласы

Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Алпамыс" бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

110

25367,42

3 жасқа дейін 10250,00
3 жастан 7 жасқа дейін 11275,00

6

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің жалпы дамулық үлгісіндегі Фурманов ауылындағы "Балдәурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

60

31411,11

3 жастан 7 жасқа дейін 5125,00

7

Арқалық қаласы

"Балдырған А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

25408,89

3 жасқа дейін 10250,00
3 жастан 7 жасқа дейін 11275,00

8

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

80

7118,75

8200,00

9

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

74

10694,82

8200,00

10

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

50

5845,00

3280,00

11

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

75

6701,11

7175,00

12

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің А. Құнанбаев атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

140

7116,07

7175,00

13

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 8 жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

70

5955,95

6150,00

14

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 10 жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

52

6637,82

7175,00

15

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Аңғар жалпы негізгі білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

22

6060,61


16

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Ақбұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

15

9116,67


17

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Алуа жалпы білім беретін бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

5

20483,33


18

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

20

9625,00

7175,00

19

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Восточный жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

60

8419,44

6150,00

20

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қайынды жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

19

10048,25

6150.00

21

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

18

7268,52


22

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қызылжұлдыз жалпы негізгі білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

15

8105,56


23

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің А. Майкөтов атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

21

18317,46

6150,00

24

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Родина жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

50

8610,00

7175,00

25

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Сарыөзен жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

36

7571,76


26

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қараторғай жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

25

11953,33


27

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Б. Майлин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

20

6500,00


28

Арқалық қаласы

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің Целинный жалпы білім беретін негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы толық күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық

27

11450,62

6150,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады