"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласының әкімшілік аумағында жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмi | Э. Күзенбаев |
Әкімдіктің 2018 жылғы "25" қыркүйектегі № 379 қаулысына қосымша |
Арқалық қаласының әкімшілік аумағында жайылым айналымдарының схемасы
Жылдар | Алқаптар нөмірлері | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
2018 | 25.04. - 24.06 аралығында егістерді оталау | 25.06. - 24.08 аралығында егістерді оталау | 25.08. - 22.10 аралығында егістерді оталау | Сүрі жер |