Щербаков ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 28 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 сәуірде № 7708 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Щербаков ауылының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде Щербаков ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Щербаков ауылыдық округінің Щербаков аулындағы Украинская көшесі Александр Ребро көшесі деп қайта аталсын:

      2. "Алтынсарин ауданы Щербаков ауылдық округінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады