"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің әлеуметтіқ мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Таукенов |
Әкімдіктің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 40 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған Әулиекөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/с | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Айгөлек" Әулиекөл бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 165 | 28505 |
үш жасқа дейін 6500 |
2 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Ақбота" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 170 | 27505 |
үш жасқа дейін 6500 |
3 | Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылы | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай "Бөбек" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 95 | 29550 |
үш жасқа дейін 6500 |
4 | Әулиекөл ауданы Құсмұрұн кенті | "Әулиекөл ауданының әкімдігінің "Құсмұрын балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | 26792 |
үш жасқа дейін 6500 |
5 | Әулиекөл ауданы Құсмұрұн кенті | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің "Балапан" Құсмұрын бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 37365 |
үш жасқа дейін 6500 |
6 | Әулиекөл ауданы Құсмұрұн кенті | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Құсмұрын "Қарлығаш" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | 30922 |
үш жасқа дейін 6500 |
7 | Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің Новонежин "Балдәурен" бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 29530 |
үш жасқа дейін 6000 |
8 | Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылы | "Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күнді шағын орталық | 50 | 11766 |
үш жасқа дейін 6500 |