Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқығы бар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 93 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 7843 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 30.11.2020 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 "Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқығы бар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырдағы "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Таукенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Әулиекөл аудандық мәслихатының

      хатшысы

      _________________ Д. Қойшыбаев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 23 мамырдағы
№ 93 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2016 жылғы 1 сәуірдегі
№ 67 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:

      1) аудандық (қалалық) аурухананың басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      5) акушер;

      6) диеталық мейіргер;

      7) тіс дәрігері (дантист);

      8) мейіргер;

      9) статистик;

      10) зертханашы (медициналық);

      11) провизор (фармацевт);

      12) психолог маман;

      13) рентген зертханашысы;

      14) әлеуметтік қызметкер;

      15) фельдшер;

      16) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын дәріханасының меңгерушісі;

      17) медициналық тіркеуші;

      18) логопед;

      19) зертхана маманы.

      Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      20) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      21) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      22) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      23) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедектерге және мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      24) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      25) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      26) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.

      Білім беру мамандарының лауазымдары:

      27) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      28) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы;

      29) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      30) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның секторының басшысы;

      31) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      32) әлеуметтік педагог;

      33) педагог-психолог;

      34) логопед;

      35) психолог;

      36) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      37) тәлімгер;

      38) тәрбиелеуші;

      39) мейірбике (мейіргер);

      40) емдәмдік мейірбике;

      41) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      42) қосымша білім беретін педагог;

      43) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      44) ұйымдастырушы педагог;

      45) концертмейстер(негізгі қызметтердің);

      46) талдаушы-социолог;

      47) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      48) интернат меңгерушісі (басшысы);

      49) кітапханашы.

      Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      50) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      51) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      52) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      53) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      54) аккомпаниатор;

      55) библиограф;

      56) кітапханашы;

      57) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      58) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      59) музыкалық жетекші;

      60) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      61) хореограф;

      62) қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі.

      Спорт мамандарының лауазымдары:

      63) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      64) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      65) әдіскер;

      66) жаттықтырушы;

      67) жаттықтырушы-оқытушы;

      68) медициналық бике/аға.

      Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      69) ветеринариялық дәрігер;

      70) ветеринариялық фельдшер.

О внесении изменений в постановление акимата Аулиекольского района от 1 апреля 2016 года № 67 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки"

Постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 23 мая 2018 года № 93. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 14 июня 2018 года № 7843. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 30 ноября 2020 года № 201

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 30.11.2020 № 201 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 18, пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года акимат Аулиекольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Аулиекольского района от 1 апреля 2016 года № 67 "Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6299, опубликовано 16 мая 2016 года в информационно – правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, согласно приложению к настоящему постановлению.";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Аулиекольского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Аулиекольского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Аулиекольского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ж. Таукенов

      СОГЛАСОВАНО

      Секретарь Аулиекольского районного

      маслихата

      ____________________ Д. Койшибаев

  Приложение
к постановлению акимата
от 23 мая 2018 года № 93
  Приложение
к постановлению акимата
от 1 апреля 2016 года № 67

Перечень должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

      Должности специалистов здравоохранения:

      1) руководитель районной (городской) больницы;

      2) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      3) заведующие клиническими (отделениями скорой медицинской помощи, дневным стационаром, поликлиникой) и параклиническими подразделениями государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      4) врачи всех специальностей;

      5) акушер (ка);

      6) диетическая сестра;

      7) зубной врач (дантист);

      8) медицинская (ий) сестра (брат);

      9) статистик;

      10) лаборант (медицинский);

      11) провизор (фармацевт);

      12) специалист психолог;

      13) рентгенолаборант;

      14) социальный работник;

      15) фельдшер;

      16) заведующий аптекой (отделом лекарственного обеспечения) государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      17) медицинский регистратор;

      18) логопед;

      19) специалист лаборатории.

      Должности специалистов социального обеспечения:

      20) руководитель Центра занятости населения района;

      21) заведующий отделением надомного обслуживания, являющийся структурным подразделением организации районного значения;

      22) социальный работник по оценке и определению потребности в специальных социальных услугах;

      23) социальный работник по уходу за детьми-инвалидами и инвалидами старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями;

      24) социальный работник по уходу за престарелыми и инвалидами;

      25) специалист структурного подразделения центра (службы) занятости;

      26) консультант по социальной работе.

      Должности специалистов образования:

      27) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      28) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения: малокомплектной школы, дошкольной организации образования;

      29) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      30) руководитель сектора государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      31) учителя всех специальностей организаций дошкольного, начального, основного среднего, общего среднего образования, в том числе учитель-логопед, преподаватель-организатор начальной военной подготовки;

      32) социальный педагог;

      33) педагог-психолог;

      34) логопед;

      35) психолог;

      36) методист (основных служб);

      37) вожатый;

      38) воспитатель;

      39) медицинская (ий) сестра (брат);

      40) диетическая сестра;

      41) музыкальный руководитель (основных служб);

      42) педагог дополнительного образования;

      43) инструктор по физкультуре (основных служб);

      44) педагог-организатор;

      45) концертмейстер (основных служб);

      46) социолог-аналитик;

      47) руководитель (заведующий) библиотекой;

      48) заведующий (руководитель) интернатом;

      49) библиотекарь.

      Должности специалистов культуры:

      50) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      51) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      52) руководитель отдела государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      53) художественный руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      54) аккомпаниатор;

      55) библиограф;

      56) библиотекарь;

      57) культорганизатор (основных служб);

      58) методист всех наименований (основных служб);

      59) музыкальный руководитель;

      60) художники всех наименований (основных служб);

      61) хореограф;

      62) учителя казахского, русского, английского языков.

      Должности специалистов спорта:

      63) руководитель государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      64) заместитель руководителя государственного учреждения и государственного казенного предприятия районного значения;

      65) методист;

      66) тренер;

      67) тренер-преподаватель;

      68) медицинская (ий) сестра/брат.

      Должности специалистов ветеринарии:

      69) ветеринарный врач;

      70) ветеринарный фельдшер.