Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 179 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 маусымда № 7898 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 327 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 28.10.2020 № 327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № 45 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6609 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажайларға және оңалту орталықтарына жол жүруiмен кepi қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшiн, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Қ. Әлібек
      Жангелдин
аудандық мәслихатының хатшысы
С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________________ Л. Зейнекина

      КЕЛІСІЛДІ

      "Жангелдин ауданының экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      ___________________ Г. Ұзаққызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады