Жангелдин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 20 "2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 69 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 7924 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 20 "2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7591 тіркелген, 2018 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      әкімдік қаулысының қосымшасында реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

Жангелдин ауданының білім беру бөлімінің "Балбөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

20374

3 жасқа дейін- 3500

      ".

      2. "Жангелдин ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады