2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Ырсай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара ауданы Ырсай ауылының аумағында орналасқан байланыс желілерін пайдалану мақсатында "Транстелеком" акционерлік қоғамына алаңы 3,24 гектар жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырсай ауылының әкімі | В. Кулаков |