Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының орталық алаңына атау беру және құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 155 қаулысы және Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 214 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 7962 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде, Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атаусыз орталық алаңға "Тәуелсіздік алаңы" атауы берілсін.

      2. Жітіқара қаласының мынадай көшелері қайта аталсын:

      1) 40 лет Октября Бірлік көшесіне;

      2) Аэродромная Бәйтерек көшесіне;

      3) Комарова Береке көшесіне;

      4) Степная Кең дала көшесіне.

      3. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бірлескен қаулы және шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев
      Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы А. Кабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады