Қарабалық ауданының Смирнов ауылдық округі Смирнов ауылының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 ақпанда № 7500 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабалық ауданының Смирнов ауылдық округі Смирнов ауылының:

      Ленин көшесі Бейбітшілік көшесіне қайта аталсын.

      2. "Смирнов ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қарабалық ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Смирнов ауылдық округінің әкімі Б. Қапанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады