"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2017 жылғы 17 қарашадағы № 167 "Қарасу ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7378 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрайымы | А. Өскімбаева |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ Т. Мұқанов
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ Д. Тұрсынбаева