Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 наурызда № 7616 болып тіркелді

      "Мемлекетік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 140-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Мендіқара ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілерінің эталоныдқ бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулыны Меңдіқара ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыуын қамтамасыз етеді.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің қаржы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 36 қаулысына қосымша

Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

      Меңдіқара ауданы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

таза кіріс 3000000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін

150000 теңге + 3000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін

4850000 теңге + 50000000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады