Аудан әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 4 "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 7530 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 16.11.2018 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыкөл ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 4 "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4531 болып тіркелген, 2014 жылдың 3 сәуірдегі "Пресс Экспресс" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында сайлау учаскелерін № 676, 677, 684, 687, 698, 705 жана редакцияда жазылсын:

      "№ 676 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Новобарвиновка ауылы.

      № 677 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Веселый Подол ауылы.";

      "№ 684 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Чапаевка ауылы." орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "№ 687 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Ленинградское ауылы." орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "№ 698 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Сорочинка ауылы." орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "№ 705 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Тимирязевка ауылы." орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      сайлау учаскелерін № 692, 702, 706, 707 алынып тасталсын.

      2. "Cарыкөл ауданының әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл ауданының әкімі Э. Күзенбаев

      "КЕЛIСIЛДI"

      Сарыкөл аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ________________ А. Апареев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады