Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 179 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 183 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 7935 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 360 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 14.09.2020 № 360 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 179 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4943 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Бөлек жиынды ашудың алдында Барвинов ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      Сарыкөл ауданының

      Барвинов ауылдық

      округінің әкімі

      ___________О. Жанбалтин

  Сарыкөл
аудандық мәслихатының
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 183 шешіміне қосымша
  Сарыкөл
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы
№ 179 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Барвинов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Барвиновка ауылының тұрғындары үшін

13

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Новобарвиновка ауылының тұрғындары үшін

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады