Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 182 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4946 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 тамызда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Бөлек жиынды ашудың алдында Севастополь ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Т. Жауғаштин |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
Сарыкөл ауданының
Севастополь ауылдық
округі әкімінің міндетін
атқарушы
___________ А. Жиентаева
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 182 шешіміне қосымша |
|
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 182 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Севастополь ауылының тұрғындары үшін | 10 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Дубинка ауылының тұрғындары үшін | 1 |