"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрайымы | Н. Руднева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сапабеков |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Таран ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ К. Муканов
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданы әкімдігінің жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ С. Красноголов
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 28 ақпандағы № 175 шешіміне қосымша |
Аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-151 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда "Маяк" газетінде жарияланған);
2. Мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы № 293 "Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5856 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 27 "Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6474 тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда "Маяк" газетінде жарияланған);
4. Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 360 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-139 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда "Маяк" газетінде жарияланған);
5. Мәслихаттың 2015 жылғы 18 тамыздағы № 294 "Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 360 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5855 тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).