Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 175 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-151 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "ставкаларын" және "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін" және "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгерілмейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Елу бесінші, кезектен тыс сессияның төрағасы |
А. Мәдибаев |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С. Жолдыбаев |