Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 27 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 6474 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 175 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 175 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-151 тіркелген, 2011 жылғы 15 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакциясында жазылсын:

      "1. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету қосымшаға сәйкес жүзеге асырылсын.";

      аталған шешімнің қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы Т. Ибрашев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "Таран ауданы әкімдігінің

      жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________ А. Мұхтар

      16 мамыр 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады