Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 175 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 293 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1-тармағына сәйкес және жерлерді аймақтау сұлбасы негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету қосымшаға сәйкес жүзеге асырылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 16.05.2016 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қырық алтыншы, кезектен тыс сессиясының төрағасы |
Б. Бердалинов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Жолдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________ Р. Сейдахметов
Мәслихаттың 2011 жылғы 10 қарашадағы № 414 шешіміне қосымшасы |
Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 18.08.2015 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2016 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
Аймақтың нөмірі | Жер салығының базалық мөлшерлемелерінің төмендеу (-) немесе жоғарлату (+) пайызы |
1 | -50 |
2 | -40 |
3 | -30 |
4 | -20 |
5 | -10 |
6 | 0 |
7 | +10 |
8 | +20 |
9 | +30 |
10 | +40 |
11 | +50 |