Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 28.02.2018 № 175 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 360 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-139 тіркелген, 2011 жылғы 2 маусымда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "ставкаларын", "ставкалары" және "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" және "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгерілмейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Елу бесінші, кезектен тыс сессияның төрағасы |
А. Мәдибаев |
Аудандық мәслихат хатшысы |
С. Жолдыбаев |