Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, 2016 жылғы 29 тамыздағы "Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 486 қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | А. Нуржанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бараншина |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
______________________ Д. Бектабанов
КЕЛІСІЛДІ
"Ұзынкөл ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________________ Е. Муржакупов
Мәслихаттың 2018 жылғы 19 ақпандағы № 181 шешіміне қосымша |
Ұзынкөл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 442 "Бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерін белгiлеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-168 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 ақпанда "Нұрлы Жол" газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың 2015 жылғы 23 қарашадағы № 369 "Мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 442 "Бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда "Нұрлы Жол" газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 274 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5535 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Мәслихаттың 2016 жылғы 14 қазандағы № 41 "Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 274 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6706 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).