Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.02.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422–бабы 2–тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 442 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-168 тіркелген, 2012 жылғы 16 ақпанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, 1-тармағында және қосымшасында қазақ тілінде "ставкаларын", "ставкалары" және "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" және мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
52-нші кезектен тыс сессиясының төрайымы |
А. Нугурбекова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
В. Вербовой |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысы
________________________ А. Ещанов