Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 274 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 сәуірде № 5535 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 ақпандағы № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.02.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына сәйкес және жерлерді аймақтарға бөлу схемалары негізінде Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381, 383 баптарында белгіленген, жер салығының базалық салық мөлшерлемелеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес түзету жүзеге асырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 14.10.2016 № 41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).

      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 247 "Жер салығының базалық салық ставкаларын түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті сессиясының төрайымы С. Руденко
      Аудандық мәслихаттың хатшысы В. Вербовой

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің"

      Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесі басшысының м.а

      ___________________ А. Досмағамбетұлы

      "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары"

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _____________ Р. Абдугалиев

  Мәслихаттың
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 274 шешіміне қосымша

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету

Аймақ №

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары

Аймаққа енгізілген қадастрлық кварталдардың нөмірі мен атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

1.

-50

-

2.

-40

Петропавл ауылдық округі:
Комендантское ауылы 010 

3.

-30

Петропавл ауылдық округі:
(1 учаскесі - Борки ауылы) 010,
(2 учаскесі - Починовка ауылы ) 010
Пресногорьков ауылдық округі:
Крутоярка ауылы 008,
Песчанка ауылы 008,
Октябрьское ауылы 008 

4.

-20

Петропавл ауылдық округі:
(3 учаскесі - Камышловка ауылы) 010,
Красный Борок ауылы 010
Пресногорьков ауылдық округі:
(2 учаскесі - Лески ауылы) 008,
Волна ауылы 008,
Гренадерка ауылы 008,
Первомайка ауылы 008
Суворов ауылдық округі:
Пилкино ауылы 014
Чапаев ауылдық округі:
(1 учаскесі - Өгізбалық ауылы) 024
 

5. 

-10

Варваровка ауылы:
(1 учаскесі - Қаратал ауылы ) 036
Новопокров ауылдық округі:
(1 учаскесі - Үйкескен ауылы ) 038
Суворов ауылдық округі:
Қазан ауылы 014
Чапаев ауылдық округі:
(2 учаскесі - Қаратомар ауылы ) 024
 

6. 

0

Бауман ауылдық округі:
Королевка ауылы 026
Карл Маркс ауылдық округі:
Сибирка ауылы 016
Новопокров ауылдық округі:
(2 учаскесі - Нововасильевка ауылы ) 038
Пресногорьков ауылдық округі:
Пресногорьковка ауылы 008
Россия ауылдық округі:
(1 учаскесі - Березово ауылы) 018
Ряжское ауылы 028
 

7.
 

+10
 

Карл Маркс ауылдық округі:
(1 учаскесі Карл Маркс ауылы ) 016
Киров ауылдық округі:
Ксеньевка ауылы 020
Новопокров ауылдық округі:
Воскресеновка ауылы 038
Суворов ауылдық округі:
Суворово ауылы 014
Ұзынкөл ауылдық округі:
Павловка ауылы 030
Федоров ауылдық округі:
Үкіатқан ауылы 022
Чапаев ауылдық округі:
Амречье ауылы 024
 

8.
 

+20
 

Ершов ауылдық округі:
(1 учаскесі - Лесхоз ауылы) 032
Киев ауылдық округі:
Абай ауылы 034
Киров ауылдық округі:
Моховое ауылы 020
Петропавл ауылдық округі:
Белоглинка ауылы 010
Пресногорьков ауылдық округі:
Пресногорьковка ауылы 006-007
Россия ауылдық округі:
Тайсойған ауылы 018,
Обаған ауылы 018
Ұзынкөл ауылдық округі:
Есмырза ауылы 030
Чапаев ауылдық округі:
Речное ауылы 024
 

9.
 

+30
 

Варваровка ауылы 036
Новопокров ауылдық округі:
Новопокровка ауылы 038
Ряжское ауылы :
(2 учаскесі - Амангелді ауылы) 028
Федоров ауылдық округі:
(1 учаскесі - Энгельс ауылы ) 022
 

10.
 

+40
 

Киров ауылдық округі:
Кировское ауылы 020,
Иваноровное ауылы 020
Ұзынкөл ауылдық округі:
Вершковое ауылы 030
Федоров ауылдық округі:
Федоровка ауылы 022
 

11.
 

+50
 

Ұзынкөл ауылдық округі:
Ұзынкөл ауылы 001-004
Троебратское ауылы 012-013
Бауман ауылдық округі:
Бауман ауылы 026
Ершов ауылдық округі:
Ершовка ауылы 032
Отынағаш ауылы 032
Карл Маркс ауылдық округі:
Сокол ауылы 016
Киев ауылдық округі:
Миролюбовка ауылы 034,
(1 учаскесі - Долинка ауылы) 034,
Қоскөл ауылы 034
Ряжское ауылы :
(1 учаскесі - Қаратерек ауылы) 028
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады