Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 442 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 қаңтарда № 9-19-168 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 ақпандағы № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.02.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Шешімінің тақырыбына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 23.11.2015 № 369 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзiн басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Кодексiнiң 422-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Қызметiн Ұзынкөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн айына бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 23.11.2015 № 369 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Бильярд бойынша қызмет көрсететін, салық төлеушілер үшін бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген салық ставкалар мөлшерін белгілеу туралы" мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 141 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-99 тіркелген, 2009 жылғы 14 мамырда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезекті XIX
сессиясының төрағасы
С. Першуков
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
В. Вербовой

      КЕЛIСIЛДI:

      "Қазақстан Республикасы қаржы

      Министiрлiгi Салық комитетiнің

      Қостанай облысы бойынша Салық

      департаментiнің Ұзынкөл ауданы

      бойынша Салық басқармасы"

      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

      _______________ Х.Ж. Зейнеке

  Мәслихаттың
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 442 шешiмiне қосымша

Қызметiн Ұзынкөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн айына бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерi

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 23.11.2015 № 369 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Реттік нөмірі

Салық салу объектiсiнiң атауы

Айына бiрыңғай тiркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiштерде)

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелi

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады