Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 274 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 14 қазандағы № 41 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 қарашада № 6706 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 19 ақпандағы № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.02.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 387-бабының 1-тармағына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 274 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5535 тіркелген, 2015 жылғы 4 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381, 383 баптарында белгіленген, жер салығының базалық салық мөлшерлемелеріне осы шешімінің қосымшасына сәйкес түзету жүзеге асырылсын."

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      7-нші кезектен тыс
сессиясының төрайымы
В. Лазарева
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
А. Бараншина

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Ұзынкөл ауданы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _______________________ А. Ещанов

      2016 жылғы 14 қазан

      "Ұзынкөл ауданың жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________________ Р.Абдугалиев

      2016 жылғы 14 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады