Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің Вишневый ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 7554 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Вишневый ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Вишневый ауылында қайта аталсын:

      Свердлов көшесі Нұрлы жол көшесіне;

      Ленин көшесі Достық көшесіне.

      2. "Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Андреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады