"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Костряков ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде, Костряков ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Костряков ауылында қайта аталсын:
Комсомольская көшесі Арман көшесіне;
Косыгин көшесі Ы. Алтынсарин көшесіне;
Ленин көшесі Абай көшесіне;
Советская көшесі Независимость көшесіне.
2. "Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Костряков ауылдық округінің әкімі |
С. Андренко |