2018 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 206/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 маусымда № 5992 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.С. Махажановқа жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы "5" маусымдағы
№ 206/5 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді
субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын
және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары
мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған
субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)

Р/с №

Басым дақылдардың атауы

Өлшем бірлігі

Бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге

1

Біржылдық шөптер

гектар

7000

2

Ағымдағы жылы немесе өткен жылғы күзде себілген көпжылдық шөптер

гектар

7000

3

Сүрлемге арналған жүгері

гектар

10000

4

Қорғалған топырақтағы көкөністер - өнеркәсіпті типтің жылыжайлары (1 дақыл айналымы)

гектар

934929

5

Қорғалған топырақтағы көкөністер - қарапайым типтің жылыжайлары (1 дақыл айналымы)

гектар

457648,15

6

Күнбағыс

тонна

10000

7

Зығыр

тонна

10000

8

Рапс

тонна

10000

9

Мақсары

тонна

10000

10

Майбұршақ

тонна

10000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады