Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 23 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының корытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
1) Железин ауданының "Березовка" ауылы "Ақтау" ауылы болып;
2) Лебяжі ауданының "Аққу" ауылы "Аққулы" ауылы болып және Лебяжі ауылдық округі "Аққулы" ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы | А. Поляков |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |