Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының, Железин, Успен және Тереңкөл аудандарының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысының Ақсу қаласы, Железин, Успен және Тереңкөл аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Ақсу қаласы бойынша:
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Еңбек ауылы таратылсын, оның аумағы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің Путь Ильича ауылының құрамына қосылсын;
2) Железин ауданы бойынша:
Прииртышск ауылдық округінің Безводное ауылы және Прииртышск ауылдық округінің Степное ауылы таратылсын, олардың аумағы Прииртышск ауылдық округінің Груздевка ауылының құрамына қосылсын;
Озерный ауылдық округінің Жамбыл ауылы және Озерный ауылдық округінің Жаңабет ауылы таратылсын, олардың аумағы Озерный ауылдық округінің Озерный ауылының құрамына қосылсын;
Михайлов ауылдық округінің Благодатное ауылы таратылсын, оның аумағы Михайлов ауылдық округінің Михайловка ауылының құрамына қосылсын;
Еңбекші ауылдық округінің Обозное ауылы таратылсын, оның аумағы Еңбекші ауылдық округінің Уәлиханов ауылының құрамына қосылсын;
Лесной ауылдық округінің Октябрьское ауылы таратылсын, оның аумағы Лесной ауылдық округінің Лесное ауылының құрамына қосылсын;
3) Тереңкөл ауданы бойынша:
Калиновка ауылдық округінің Қаратал ауылы таратылсын, оның аумағы Калиновка ауылдық округінің Қызылдау ауылының құрамына қосылсын;
Федоровка ауылдық округінің Конторка ауылы таратылсын, оның аумағы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылының құрамына қосылсын;
Октябрь ауылдық округінің Лесное ауылы таратылсын, оның аумағы Октябрь ауылдық округінің Первомайское ауылының құрамына қосылсын;
4) Успен ауданы бойынша:
Қозыкеткен ауылдық округінің құрамынан Травян ауылы шығарылсын және Успен ауылдық округінің құрамына қосылсын;
Белоусов ауылдық округі, Ковалев ауылдық округі, Надаров ауылдық округі таратылсын;
таратылатын Белоусов ауылдық округінің Ольгин, Тимирязев, Ольхов ауылдары құрамында Ольгин ауылдық округі құрылсын, оның әкімшілік орталығы Ольгин ауылы болып белгіленсін;
Успен ауылдық округінің құрамына таратылатын Белоусов ауылдық округінің Белоусов ауылы қосылсын;
Қозыкеткен ауылдық округінің құрамына таратылатын Ковалев ауылдық округінің Ковалев ауылы қосылсын;
Қоңырөзек ауылдық округінің құрамына таратылатын Надаров ауылдық округінің Вознесен ауылы, Надаров ауылы, Чистополь ауылы қосылсын;
Лозов ауылдық округінің құрамына Қаратай ауылы және Богатырь ауылы қосылсын;
Равнополь ауылдық округінің құрамына Таволжан ауылы қосылсын.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы | Қ. Әбішев |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б. Бексейітова |