Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 352/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қарашада № 6100 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. С. Шарабасовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы "11" қазандағы
№ 352/6 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" № 195/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" № 195/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 344/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5297 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады