Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2018 жылғы 2 қарашадағы № 269/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 желтоқсанда № 6134 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Носачева
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 269/34 шешіміне
қосымша

Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 350/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4523 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 420/53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 434/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 95/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады