Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 шілдедегі № 2-19/693 ұсынымы негізінде, Достық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Достық селолық округі Пограничник ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың кешенді жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 11 қазандағы "Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке және Пограничник ауылдарының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03/01 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5655 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешім тақырыбында және 1 тармақта "және Пограничник" сөздері алынсын, "ауылдарының" сөзі "ауылының" сөзімен ауыстырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Достық селолық | |
округінің әкімі | Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылығы министрлігінің | |
ветеринариялық бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Ақсу қалалық | |
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Г. Батаев |
2018 жылғы "10" қыркүйек | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Д. Нуржанов |
2018 жылғы "10" қыркүйек | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қалалық қоғамдық | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | А. Жалелов |
2018 жылғы "10" қыркүйек |