Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 02 маусымдағы "Баянауыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 176/34 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3850 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Қасен |